Заң корифейі

Академик С.Сартаев Қазақстандағы заң білімі мен ғылымының дамуына, Қазақ ұлттық университетінің ілгерілеуіне зор үлес қосты. Ол көптеген жоғары білікті заңгерлерді дайындады. 50 жылдан астам уақыт бойы ҚазҰУ жанындағы докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау кеңесін басқарды.

«Заңдар әділ болуы керек, ал заңдардың әділдігін ел тұрғындарының көпшілігі априори шындық ретінде қабылдайды». Өзінің ойы бойынша әділ заңдар адамдарды әрекетке шақырады, заңға қайшы әрекеттерден сақтандырады. Қоғамда қабылданған заңдар ортақ игілікке, мүддеге жетуге бағытталуы керек. Әділ заң жалпы және жеке игілікке қол жеткізуге ықпал етеді.

Салық Зимановтың негізінен мемлекет пен Қазақстан құқығының тарихымен, саяси және құқықтық ілімдер тарихымен айналысқанын жақсы білеміз. Онымен қоса бірге ол тарихи материализм туралы марксистік-лениндік ілімді басшылыққа алды. Сол кезде біз бәріміз осы дүниетанымды бағдар еттік. Өмірінің соңғы жылдарында ол марксизм-ленинизм тарихқа, тарихи процестердің эволюциясына дұрыс көзқарас беретініне толық сенімді емес еді. Өз шығармаларының он томдық жинағы шыққан 2009 жылы: «Марксизм-ленинизмді  алып тастаңыз, басқасын оқи аласыз», –деді. Академиктің ұлттық-мемлекеттік құрылыс теориясы бойынша көптеген еңбектері бар және құқық теориясы мен мемлекет мәселелеріне арналған көпшілік сөздері өте көп болған.

С.Сартаев МГУ Ғылыми кеңесінде жұмысы бойынша жоғары бағаға ие болды және 1970 жылы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. «С.С. Сартаев – дарынды ғалым, және оның болашағы зор», – деп айтқан сөзі бар. Осы сөзі арқылы ол болашақ тек білімділер қолында, ғылыми өзіңді дамытып академик атамыздың жолына еріп ғылыми доктор, академик, профессор болу әрбір білікті де білімді азаматтардың мақсаты.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» дейді халық даналығы. Осы ой бойынша С.Сартаев бар өмірін ғылыми даму мен өсуге арнады. Мықты ғалымдар, заңгерлер шоғырын қалыптастырғаны үшін заң корифейіне қоғам риза.

Мерей Бейсетбай,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

4-курс студенті

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...