12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі кәсіби заңгер. Заңгер-тек заң нормаларын білетін маман емес, қоғам алдындағы жауапкершілік жүгін арқалайтын, әділдік пен парасатты биік қоятын тұлға. Сондықтан құқық саласында білім беру-жоғары міндет, үлкен жауапкершілік. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті осы миссияны терең сезіне отырып, елдің құқықтық жүйесіне сапалы кадрлар даярлауды өзінің стратегиялық бағыты ретінде айқындаған. Факультет үшін басты мақсат-заңды теория ретінде ғана емес, өмірлік құндылық ретінде түсінетін, кәсіби шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті заңгер мамандарын қалыптастыру.Заң факультеті еліміздің құқық мектебінің қалыптасу тарихында айрықша орын алады. Көпжылдық тәжірибесі бар білім ордасы талай мемлекеттік қайраткерлерді, прокурорларды, судьяларды, адвокаттарды, тергеушілер мен құқықтанушы ғалымдарды тәрбиелеп шығарды. Факультет қабырғасынан түлеп ұшқан әрбір маман ел дамуына үлес қосып, заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуде. Бұл факультет ұжымының еселі еңбегінің, білім сапасы мен жүйесінің дәлелі. Уақыт сұранысы өзгергенімен, Заң факультетінің басты ұстанымы-сапалы білім беру және мықты заңгер дайындау.

    Факультетте оқыту толыққанды, жүйелі және практикалық бағытта ұйымдастырылған. Білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылып, заң саласындағы реформалар мен еңбек нарығы талаптары ескеріледі. Студент тек теориялық біліммен шектелмей, нақты құқықтық жағдайларды талдау, құжат әзірлеу, іс жүргізу, әлеуметтік-құқықтық қатынастарды шешу тәжірибесін меңгереді. Сабақтарда кейстер талданып, сот процестері модельденеді, тәжірибелі практик мамандармен кездесу, шеберлік сағаттары тұрақты өткізіледі. Судьялар, адвокаттар, тергеушілер, нотариустер оқу процесіне тікелей қатысып, студенттерге кәсіби орта туралы нақты түсінік береді. Осылайша студент аудиторияда алған білімін шынайы тәжірибемен ұштастырады.Факультет жанындағы құқықтық клиника болашақ мамандарды тәжірибеге бағыттаудың маңызды алаңы. Мұнда студенттер халыққа тегін заң кеңес беріп, нақты құқықтық сұрақтарды шешуге атсалысады. Түсіндіру жұмыстары, құжат даярлау, өтініш жазу, консультация беру заңгерлік кәсіптің негізі. Мұндай тәжірибе жас маманға қызметке шыққаннан кейін қиындықсыз бейімделуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік органдарда, соттарда, прокуратурада, әділет департаменттерінде және жеке заң кеңселерінде тәжірибеден өтіп, кәсіби ортаны жақыннан таниды.Оқу ордамыз ғылыми ізденісті де басты назарда ұстайды. Студенттер ғылыми мақалалар жазып, конференцияларға қатысады, дебат турнирлерінде, олимпиадаларда бақ сынайды. Ғылыммен айналысқан студент мамандығына терең бойлайды, құқықтық мәселелерді жаңа қырынан қарауға үйренеді. Заңгер үшін заң ережесін жаттау жеткіліксіз, оны түсініп, талдап, дұрыс қолдана білу қажет. Факультет осы қабілетті қалыптастыруды басты бағыт ретінде қарастырады.

     Университет білім беруді цифрландыруды дамыта отырып, заманауи технологияларды заң саласына енгізуде.Болашақ заңгерді жаңа құқықтық экожүйеде жұмыс істеуге бейімдеп, IT-құқық, цифрлық құқық, жасанды интеллектпен байланысты құқықтық процестерге дайындайды. Қазір құқық мамандары тек заңды білумен ғана емес, цифрлық ортада жұмыс істей алумен де бағаланады.Заң факультетінде білім алған әрбір студент болашақта елдің құқықтық жүйесіне әсер ететін тұлға. Сондықтан факультет үшін басты қағида-мықты маман дайындау ғана емес, әділдікті қорғаушы азамат қалыптастыру. Бүгінгі таңда заң факультеті-құқықтық білім беруде сенімді оқу ордасы, тәжірибе мен дәстүр тоғысқан орталық. Факультет есігін ашқан әрбір жас заң ғылымын меңгеріп қана қоймай, кәсіби болашақтың берік іргесін қалайды. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі судья, прокурор, адвокат, құқықтанушы, заң шығарушы. Сондықтан мықты маман дайындау факультеттің басты міндеті ғана емес, ұлттық жауапкершілік.

Ибраева А

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 

 мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, 

конституциялық және әкімшілік 

құқық кафедрасының профессоры,

 заң ғылымдарының докторы

Тыныбай Н

заң факультетінің 1 курс магистранты

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...

Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне...

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...