Заң қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді

Жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларға баса назар аударылады. Өйткені, бұл нормалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағандардың түзелуiне, тағы басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмауға, ең бастысы жазаның әділ тағайындалуына ықпал етеді. Бұдан біздің заңдарымыздың адамды жазалауға емес, керісінше, оны қатарға қосуға, сол арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға негізделгенін көруге болады.

Жоғарыда аталған нормалар Қылмыстық кодекстің 53 және 54-баптарында белгіленген. Осы баптарға түсіндірме жасайтын болсақ, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар қатарына қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды алғаш рет жасау, сондай-ақ, кінәлінің кәмелеттік жасқа жетпеуі, жүктілік, кінәлі адамның кішкентай баласының болуы, жәбірленушіге тiкелей көмек көрсету, т.б. кіреді. 

Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды өз еркімен өтеген, моральдық және өзге де зиянның орнын толтырған, шын ниетпен өкініп, айыбын мойындаған, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға көмектескен, сол сияқты 53-баптың 1-бөлігінің өзге де тармақтарында көрсетілген жағдайлар жауаптылық пен жазаның жеңілдетілуіне әсерін тигізеді. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген жайттың өзі жаза тағайындау кезінде жеңiлдететін мән-жай болып ескерiлетіні заңмен қарастырылған.

  Қылмыстық заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, жеңiлдететiн мән-жай осы кодекстiң Ерекше бөлiгiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiсi ретiнде көзделгенімен, жаза тағайындау кезiнде қайтадан ескерiлмей қалуы мүмкін.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар 54-баппен айқындалған. Атап айтсақ, қылмыстық құқық бұзушылықты сан мәрте жасап, ауыр зардаптар келтiргендер, қылмыстық құқық бұзушылықты алдын ала сөз байласып, арнайы топ құрамында жасағандар,  соның барысында айрықша белсендiлік танытқандар, мінез-құлқында ауытқушылығы бар және кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылыққа тартқандар, т.б. заңмен белгіленген қылмыстық құқық бұзушыларға жаза тағайындауда ауырлататын мән-жайлар есепке алынады. Осы ретте тоқталып өтерлігі, қылмыстық құқық бұзушылық ішімдік, есiрткi, т.б. пайдалану салдарынан масаң күйде жасалған жағдайда оны сипатына қарай сотқа ауырлататын мән-жай ретінде танымау құқығы берілген.

   Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгiсi ретiнде көзделсе де, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайта ескерілмейді. Бұған қоса сот 54-баптың бiрiншi бөлiгiмен айқындалмаған мән-жайларды ауырлататын мән-жайлар ретінде тани алмайды.

Бейнегуль Кайсина,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...