Жастар денсаулық сақтау орталығының психолог маманы Еркебұлан Абсамат ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандарымен «Өз-өзіне сенімділік» тақырыбында тренинг өткізді.
Шара барысында «Танысу», «Презентация», «Мен кіммін?» кезеңдері бойынша жаттығулар жасалды. Одан әрі сотталғандардың болашаққа деген оң көзқарастарын қалыптасып, өздерін тереңінен танып білуге қызығушылықтары артты.
– Еркебұлан Әділбекұлы өзінің тәжірибелі маман екенін көрсетті. Тренингте өз-өзімізді тануға мүмкіндік алдық. Ең бастысы ауыр ойларға беріліп, өзімізді кем санамауға, жақсы ой кез-келген тығырықтан алып шығатынына өз жеткіздік. Осылайша өзімізге деген сенімділікті қалыптастыра алдық, – деді сотталған.
Тренинг соңында жазасын өтеушілер шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, психологтарға өз тараптарынан алғыстарын жеткізді.
ЗК-169/5 мекемесі