12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өз өніміміздің бағасы неге төмен?

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, агроөнеркәсіп кешені өнімдері саудасында өңделген өнімдердің экспорты мен импортындағы айырмашылық жыл өткен сайын көбеймесе азаятын түрі жоқ. Қазақстан өзгелерге өз өнімін арзанға сатып, өзгенікін қымбатқа сатып алуда. Сыртқа экспортталатын өнімдердің ішінде шикізаттың үлесі 3 еседен асып отыр.

Егер нақты мәліметке жүгінер болсақ 2015 жылы еліміз 2 млрд доллардың 7,5 млрд тонна өнімін экспорттаған. Оның 5,1 млрд тоннасы өсімдік (1,1 млрд доллардың), 39,8 млн тоннасы (39,8 млн доллар) мал шаруашылығы саласына тиесілі. Олардың ішінде өңделгені 2,3 млрд тоннаның 945 млн доллардың өнімін ғана құрады. Ал 3,2 млрд доллардың 7 млрд тонналық импорттық өнімінің 1,4 млрд тоннасы өсімдік (882.2 млн доллардың), 61,4 млн тоннасы мал (128, 4 млн доллардың) шаруашылығына тиесілі болды. Ондағы өңделген өнімнің үлесі 45,3 пайызды немесе 5,5 млрд тоннаның 2,2 млрд доллардың өнімі болды.
2021 жылғы 11 айдың есебі бойынша 9,6 млрд тоннаның 3,3 млрд долларлық экспорттық өнімінің 7,1 млрд тоннасы өсімдік (1,9 млрд доллардың), 132,6 млн тоннасы мал (135 млн доллардың) шаруашылығының үлесінде болды. Ондағы өңделгені 2,3 млрд тоннаның 1,2 млрд долларлық өнімін құрады. Ал 8,2 млрд тоннаның 4,1 млрд долларлық импорттық өнімдерінің 2,3 млрд тоннасы өсімдік (956,7 млн доллардың), 87,9 млн тоннасы мал (271 млн доллардың) шаруашылығының үлесінде. Олардың өңделгені 5,7 млрд тоннаның 2,9 млрд долларлық өнімі болды.
Егер агроөнеркәсіп саласындағы экспорттық өңделген өнімдердің 2015–2021 жылдардағы үлесіне жеке тоқталар болсақ ол 2015 жылы – 45,3%; 2016 жылы – 46,1%; 2017 жылы – 44,7%; 2018 жылы – 36,7 %; 2019 жылы – 33,9%; 2020 жылы – 39,9% ; 2021 жылы – 37,6 % көлемінде болғанын аңғаруға болады.
Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды. Былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 миллион тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұс­тауға тиіс. Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне айрықша назар аударамын. Егер нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейді» деген еді. Ал азық-түлік тауарларын көбейту үшін, еңбек өнімділігін арттыруға қатысты нақты шаралар қажет. Әйтпесе, бұл саладағы мемлекеттік бағдарлама мен ұлттық жобадағы мақсат-міндеттердің орындалуында сөзбен істің алшақтық өзгермеуі де мүмкін.

Болатқан МАҚАТОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі:
– Өндірілетін өнімнен алынатын қосымша табыстың көзі – өңдеу. Неғұрлым терең өңделген сайын оның табысы да көбейеді. Сол себепті бізге қазір ең алдымен өңдеу өнеркәсібіне көбірек көңіл бөлуіміз қажет.
Мәселен, бізде кезінде 36 млн қой өсіріліп, одан 130 мың тоннаға дейін жүн өндірдік. Оны өңдейтін өзімізде бірнеше өндіріс орны болды. Алматыда мақта-мата комбинаты, Қарғалы мен Қостанайда шұға комбинаты және тағы басқалар. Ер адамның бір костьюміне 800 грам жуылған жүн керек екен. Бізде қазір 18 млн ұсақ мал қалды. Оның 80 пайызы қылшық жүнді боп кетті. Атақты биязы жүнді қойдың тұқымы азайды. Бұрын біз әр өңірге бейімделген 5 биязы жүнді қой тұқымын шығарғанбыз. Былтыр қазақтың алғашқы биязы жүнді қой тұқымының шығарылғанына 75 жыл толды. Содан енді айырылып отырмыз. Себебі, жүн өндіру тиімсіз боп қалды. Тері де өңдеусіз қалып отыр. Егер ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қойғымыз келсе қайтадан өңдеу өнеркәсібіне арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама жасау керек. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобада» бұл толық қамтылмаған.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің...

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.

ЖЕР БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Қиян шеттегі ауылды қайдам, аудан орталығындағы жер бағасы сіз бен бізді ойландырмай қоймайды. Облыс не үлкен қала орталығына жақын елді мекендерді былай қойғанда, 10-15 мың түтіні бар моноқалалық жерде 10 сотық жер бағасы 2-3 млн теңгеден асып жығылады.

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы айтты.

Елімізде 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 24, 25 және 26 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжап айтты.