Қызылордалықтар таза қала үшін

Қызылорда қаласында қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарды қаланы таза ұстауға шашырды. Әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстардан туындаған қоғамдық бақылаудағы мәселелер назарға алынды. Әсіресе қала тазалығы, қоқыстардың уақытылы алынбауы, тұрғындарға айыппұл салу арқылы көше тазалығына жауаптылығын күшейту кеңінен сөз болды.

Іс-шараға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Баймаханов, «Жігер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ж.Базарбаева, «Су жүйесі МКК-ның» заңды және жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы А.Жақыпов, «Су жүйесі» мекемесінің санитарлық тазалық бөлімінің басшысы Г.Жұмабекова, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры А.Айтмамбетова қатысты. Бақылау барысында белсенділер бірнеше нысанды аралап жасалып жатқан жұмыстарды көрді.

Тиісті мекемелер тарапынан тұрақты түрде тазалық рейдтері жүргізілсе де тұрғындардың тазалыққа салғырттық танытып, қоршаған ортаны ластау деректері азаймай тұр. Әр тұрғынның ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстауы санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Сонымен қатар, рейд барысында қоқысты белгіленбеген орынға тастау фактісі тіркелген жағдайда ескерту беру, нәтиже шықпаса, айыппұл төлейтіні ескертілді.

Бұл шара облыстық қоғамдық даму басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырған.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...