12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес Төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесудің мақсаты- жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында болды.
Жиын барысында Мақсұт Ыбырайханұлы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе екенін айтып, кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, жемқорлыққа орнықты иммунитет болмайынша, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес деді.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір қызметкер жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін айтты. Сондықтан мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап, мемлекеттік қызметтің беделіне және абыройына нұқсан келтірмей, өз іс-әрекетімен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесу үшін тиісті деңгейде жұмыс атқаруы тиіс – дегенді шегелеп айтты.

Дөңгелек үстел соңында, қатысушылар өзара пікір алмасып, тиісті ұсынымдарды жасады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...