12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталғандар күніне 500 пескоблок өнімін шығарады

Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер ақылы еңбекпен қамтылған. Олардың бірі газоблок, кірпіш, құм блоктарын шығарумен, қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысса, бірі машина жөндейді, нан пісіреді, енді бірі тігін цехында жұмыс жасайды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер қала аумағындағы 30-дан аса кәсіпкерде жұмыс жасайды. Жұмыс орындарына барып,өз ісінің хас шеберлерінен жұмыс барысын сұрап білдік.
Мақсат есімді сотталған ҚР ҚК-нің 335 бабының 4-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған. ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеге осы жылдың сәуір айында жазасын өтеуге жіберіліпті. Мақсаттың айтуынша мекеме әкімшілігі «Еңбек-Қызылорда» РММ-ге жұмысқа орналастырыпты, жақында еңбек демалысын алып Түркістанға отбасына барып келдім дейді.
Мақсатпен бірге тағы жеті сотталған пескоблок өнімін шығарумен айналысады. Мұнда пескоблокпен қатар, тумба, суағалар, плиталар жасайды. Жұмыс барысында біреудің біреуге қарауға уақыты жоқ. Бірі су тасып, бірі қоспаны араластырып, енді бірі құйманы қалыпқа құйып жатыр екен. Олар күніне 500 дана өнім шығарады.
-Пескоблок шығаруда да төзімділік пен табандылық керек дейді ол. Оның айтуынша пескоблок өнімін шығаруға көп шикізат та қажет емес екен. Пескоблок – цемент, құм және карьер қиыршық тасын араластырып жасалынатын құрылыс материалы. Ол от пен суға төзімді, Тұрғындар арасында кең қолданысқа ие бұл өнім жылуды жақсы ұстап тұрады және берік, мұны көпшілік тұрғын үйге пайдалануда.Сұраныс та жоғары мерзімінде үлгеріп жасап жатырмыз»,-деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11...

ҚАЖ қызметкерлері желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Тәуелсіздік күні қарсаңында...