Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар мұражай аралады

Бүгін «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімшесі мен аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтар үшін аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурция жасау шарасын ұйымдастырды.

Іс шараның негізгі мақсаты — аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшалауға байланысты емес жаза түрлеріне тартылған азаматтардың рухани байлығын арттырыра отырып, олардың өмірге деген көз қарасын өзгерту және түзелу жолына түсіуне ықпал ете отырып, қылмыс әлемінен алшақтату.

Есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алған мұражай қызметкері Т.Қозыбағаров мұражайдағы экспозициялық залдар бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар таныстырды. Алдымен аудан тарихы мен мәдениетінен, өнерінен сыр шертетін залды аралатып мәлімет берді. Одан соң экспозицияға қойылған экспонаттарға жеке-жеке тоқталып, өңірден шыққан қайраткерлер, тұлғалар айтып өтті.

Шара соңында теолог маман А.Байқабылов мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру, аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтану туралы айтып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

«Бүгінгі шарадан керемет әсер алдым. Ауданның тарихы туралы ерекше мәліметтер біліп, рухани байып, бір серпіліп қалдық. Мұражайдың құнды жәдігерлері бір сәтке болса да адамды өткенге ала кетіп, тарихи сәттерді көз алдыңа елестетіні бар. Шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз », -деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде...

В учреждениях области Абай провели онлайн-турнир по шахматам

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы области...

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...