Қызылордада электронды білезікті үзген сотталғанға қатысты сотқа ұсыныс жолданды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация есебінде тұратын 32 сотталғанға электронды білезік тағылған болатын.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі А есімді сотталған ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жуырда бұл сотталғанға қалалық пробация қызметімен электронды білезік тағылған. Электронды бақылау құрылғысы тағылса да ол сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып, мәжбүрлі еңбекті атқарудан бас тартқан. Пробация қызметкерлерімен төрт рет «ескерту» тәртіптік шарасы қолданылған.

— Бұл сотталған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Соттталған бұнымен тоқталмай, масаң күйде болып, электронды құрылғысын өздігінен үзіп тастаған. Сол мезетте пробация инспекторларының планшеттеріне сигнал келіп түскен. Жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан еш нәтиже шығармаған сотталғанның іс –құжаттары жинақталып, бас бостандығының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолданды,- дейді әділет майоры Ж.Есмаханов.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...