12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 5 сотталған жолдама алды

Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту орталығында аудандық прокуратура мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Жәрмеңкеге 7 жұмыс беруші мекемеден 57 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 5 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, механизатор, көлік жүргізушісі, газоблок құюшы мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған екі азамат «Азнабай»ЖШС, екі азамат «Жібек Жолы»ЖШС, тағы бір азамат «Жаңақорған ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесіне» маусымдық жұмысшы ретінде жолдама алды.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жыл басынан 12 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына квота бекітілген. Есептегі жұмыссыз 4 адам квотамен тұрақты жұмысқа орналасты»,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаков.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...