Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ” 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні” мен ” 9 мамыр — Жеңіс күні” мерекесі қарсаңында салтанатты шара өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттік Гимн орындалуымен басталып, шарада ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың құттықтау видеоүндеуі көрсетілді.
Департамент бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлының құттықтау сөзімен жалғасты. «Бұл мереке еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған ағаларымыздың ардақты ісін мәңгі есте сақтап,құрмет көрсету біздің азаматтық парызымыз. Батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», — деді департамен бастығы Ш.Есенкелдиев.
Шара барысында қызметтегі жақсы жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер ҚР Ішкі істер министрінің құзырымен, ҚАЖ комитеті төрағасының және ҚАЖД бастығының бұйрығымен марапатталды.
Шара соңында қызметкерлерге «Отан үшін от кешкендер» деректі фильмі көрсетілді.