12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне 9 телефон мен есірткі лақтырмақ болды

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне 9 телефон мен есірткі лақтырмақ болған жерінен ұсталды.
17 қазанда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында мекеме аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын құрықтады.
Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Ұсталған азаматты тексеру кезінде, скотчпен оралған үш белгісіз зат тәркіленді. Тәркіленген затты тексеру барысында ішінен тоғыз телефон, бес насыбай, бір ойын картасы, екі қуаттағыш құрылғысы және өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты анықтады.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 173,98 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...