2022 жылы сәуір айының 7-ші жұлдызында Қызылорда ст. темір жол вокзалы аумағында орналасқан сауда орындарындағы кәсіпкерліклерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлері және Қызылорда көлік прокурорының көмекшісі А.Жамет, Қызылорда қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм басқармасының бас маманы Б.Арын, Қызылорда қаласы бойынша кірістер басқармасы бас маманы Б.Кулкараев және Қызылорда вокзал бас инженері Б.Сагымбаевпен бірлесіп, Қызылорда станциясы темір жол вокзал алаңында орналасқан сауда-саттық орындарының егелері мен сатушыларына алкогольдік өнімдерді сақтау мен бөлшек саудада сатуға арнайы рұқсат лицензиясы талап етілетіні және оларды сатуда заңмен белгіленген уақыт талаптарын сақтау тәртіптері түсіндірілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге «Алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол жоқ» атты кітапшалар (брошюралар) таратылып, фотосуретке түсірілді.