12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда ст. ЖПб-де мен және менің полицейім акциясы өткізілді

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы деп жариялады». Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында 11-15 сәуір аралығында «Мен және  менің полицейім» акциясы өткізіліп жатыр. Акцияның мақсаты балалар мен жасөспірімдерді  полицияның жұмысымен таныстыру, кәмелетке толмағандарды қоғамдық жерлер мен темір жол аймағы қауіпті аймақ және бөтен адамдармен қарым-қатынастағы мінез құлқының негізгі қағидаларын үйрету болып табылады. Аталған іс-шараны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда станциясындағы  Желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қызылорда қаласының №6 орта мектеп оқушыларына Отанға деген патриоттық сезімдерін нығайту және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сондай-ақ туған еліміздің тарихымен таныстыру мақсатында, Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейіне танымдық экскурсиялық саяхат ұйымдастырды.

Музейдің экскурсоводы Н. Рахатов  музейдің экспозициялық залдары бойынша сыр елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, қазба байлықтарын және елімізді зерттеген ғалымдармен таныстырды. Экскурсия барысында оқушылар көнеден керуен тартқан жәдігерлермен еліміздің қолөнер шеберлерінің төлтума туындыларымен және аймаққа белгілі біртуар азаматтардың өмір жолдарымен және  еңбектерімен толық таныса алды. Экскурсия балалар ұнап, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Ведущий китайский автопроизводитель Changan Auto подписал соглашение с компанией Flying Auto

В Алматы состоялось торжественное подписание соглашения о дистрибьюторском сотрудничестве...

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...