БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында қызметкерлерді аттестациядан өткізу басталды. Қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіптік даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім болып табылады. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) аттестаттау өткізуге дайындықты;
2) кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды; 3) аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тесттен өткізуді;
3-1) полиграфологиялық зерттеуден өткізуді;
4) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;
5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
Аттестаттау комиссиясы әңгімелесудің қорытындысы бойынша мынадай:
1) атқаратын лауазымына сәйкес және кадр резервіне қоюға немесе жоғары тұрған лауазымға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сәйкес;
3) қайта аттестатталуға тиіс;
4) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады деген шешімдердің бірін қабылдайды.