Қытайда коронавирусқа қарсы жасанды вакцина сатылған

Қытай полициясы коронавирусқа қарсы жасанды вакцинаның ірі партиясын тәркілеп, іс бойынша 80 күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың тәртіп сақшыларының мәліметінше, жақында болған операция барысында коронавирусқа қарсы 3 мың доза жасанды вакцина анықталып, Бейжің және Цзянсу, Шандун провинцияларындағы жасырын өндіріс орындары мен тарату тізбектері жойылған.

Тергеу кезінде тегі Кун есімді ер адам сыбайластарымен бірге 2020 жылдың қыркүйегінен бері коронавирусқа қарсы жасанды вакцина жасай бастаған. Күдіктілер шприцтерді қарапайым физерітіндімен толтырып, вакцина ретінде қымбат бағамен сатқан.

Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі азаматтарды сақ болып, вакцинаны тек лицензиясы бар вакцинация орталықтарында салдыруға, контрафактілер мен алаяқтық деректері туралы құқық қорғау органдарына жедел хабарлауға шақырды.

Айта кетейік, Қытай 2020 жылдың 15 желтоқсанынан бері тоғыз негізгі топ бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салуды бастаған болатын. 2021 жылдың 26 қаңтарындағы жағдай бойынша, 23 миллион адам вакцина салдырған.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...