Ыстықтан кондиционерсіз қалай қорғануға болады?

Биыл Қазақстанның көп аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асады. Аптап ыстықта ыстықтан қорғану үлкен мәселеге айналады. Әрі мұндай кезде адамдардың денсаулығы да нашарлауы мүмкін. Бөлмедегі желдеткіш тек жылы ауаны айналдырса, кондиционер әр үйде бола бермейді. Сондықтан ыстықтан қорғану үшін 10 кеңесті ұсынамыз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

  1. Ең жылдам және қарапайым әдіс – бөлмеге жарық түсірмеу. Пердемен немесе көтерме пердешелер арқылы терезелерді жабу керек. Бұл бөлмедегі температураны бірнеше градусқа төмендетеді.
  2. Фольга да бөлмені жоғары температурадан қорғай алады. Бұл үшін 5 немесе 6 метр орама сатып алып, терезенің ішкі жағынан жабыстыру керек. Мұндай әдіс терезе күн көп түсетін оңтүстік жақта орналасса тиімді болады. 
  3. Бөлмені түнде желдеткен абзал. Күндіз терезені ашу жағдайды ушықтырады және бөлмедегі температураны бірнеше градусқа көтереді.
  4. Бөлмені ылғалдандыру керек. Тек ылғалды тазалау жұмыстарын ғана емес, мұз бен ылғалды орамалды пайдалану қажет. Сонымен қатар электронды ылғалдағыш пен пульверизатор қолданған жөн.
  5. Егер желдеткішті дұрыс орналастырса, пайдасы көбірек болады. Мәселен, кейбірі желдеткішті өзіне қаратып орналастырады. Бірақ желдеткіш жиһазға қарап тұрғаны жөн. Ал жиһаз жылы ауаны сіңіреді. Желдеткіш алдына тек мұз емес, су құйылған бөтелке қоюға да болады.
  6. Суық су ішуге кеңес берілмейді. Ағза жоғалған ыстықтың орнын толтыру үшін ыси түседі. Сондықтан ыстық шәй немесе жылы су ішу керек. 
  7. Ыстық күндері жеміс-жидек жеген жөн. Сонымен қатар қант, майлы, тұзды өнімдерді тұтынуды азайту керек. 
  8. Ылғалдың орнын толтыру үшін көп су ішу керек. Әрі тәтті сусындар ішпеу керек, бұл қаттырақ шөлдетеді. Шөлді басу үшін лимон қосылған су немесе көк шәй жетеді. 
  9. Күн сәулесінің тура түсуінен сақтаныңыз. Ол тері үшін зиян, себебі тез қараюына әсер етіп, онкологиялық дерт пайда болуы мүмкін. 
  10. Ең қарапайым және тиімді әдіс – жиі душ қабылдау. Алдымен жылы су, сосын суық су құю керек. Мұны бірнеше рет қайталаған абзал. Бұл тек жүрек-қан тамыры жүйесін жақсартып қана қоймай, ыстық күнде сергітеді. 

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.