Қырғызстан мен Тәжікстан хаттамаға қол қойды

Қырғызстан және Тәжікстан  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тамшиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

Құжаттың басты мақсаты – шекаралас аудандардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу.

«Хаттамаға мен және Тәжікстан ҰҚМК басшысы Саймумин Ятимов қол қойды. Жағдай ақырындап тұрақтануда. Комиссия ертең жұмысын жалғастырады, біз жағдайды реттеуге бірнеше қадам жасадық. Мүмкін, ертең кешке, 20 қыркүйек тағы бір кездесу болады», — деді Ташиев.

Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 14 қыркүйек күні таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы елді мекенінде қарулы жанжал басталды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдерінің келіссөздерінен кейін атыс тоқтатылды. Бірақ 16 қыркүйекте атыс қайта басталды. Қырғызстан ҰМҚК шекара қызметінің мәліметінше, тәжік тарапы шекараның Баткен ауданындағы шекара және азаматтық нысандарға шабуыл жасаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін 59 қырғызстандық қаза тауып, 163 адам зардап шекті. Тәжік билігі 41 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланғанын хабарлады.

ҚАЖ мекемесінде ЖИТС орталығының өкілімен профилактикалық кездесу өтті

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандардың ЖИТС орталығының...

Профилактическая встреча с представителем СПИД-центра прошла в учреждении УИС

В области Абай в учреждении масимальной безопасности состоялась профилактическая...

Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз — Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституция туралы

Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап,...

В Алматы финансовый сектор Казахстана выразил поддержку предстоящему референдуму

В Алматы состоялась встреча представителей банковского сектора и микрофинансовых...