12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ынтымақты елдің ырысы мол

Әр мерекенің өз тарихы болатыны хақ. Наурыз мерекесінің тарихы ерте заманнан бастау алады. Кейбір деректерде мерекенің хронологиясы 5 мың жылды қамтиды. Зия­лы қауым өкілдері Наурызды халықтық мереке ретінде сақтап қалуға тырысты. Осылайша, Тұрар Рысқұлов 1920 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мұсылман халықтарының өкілі ретінде Түркістан Республикасының Орталық атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалған соң, Наурызды мемлекеттік мереке деп жариялау туралы бастама көтерді де, 1920 жылғы 26 наурызда «Наурыз мейрамын тойлау туралы» бұйрыққа қол қойды.
Түркістан Республикасы 1924 жылға дейін өмір сүрді, содан кейін бірнеше ұлттық республикаларға бөлінді. Қазақстанда 1925 жылы Филипп Голощекин билікке келіп, большевиктер Наурызды «діни мереке» деп санағандықтан, мемлекеттік деңгейде тойлау тоқтатылды. Алайда, Наурыз мерекесінің дінге қатысы жоқ. Қанша тыйым болса да ақындар мен жазушылар мереке қарсаңында газеттерде Наурыз туралы мақалалар жазуды жалғастыра берді. 1926 жылдан бастап мерекені ресми түрде тойлау толығымен тоқтатылды, бірақ көпшілік Наурызды астыртын тойлауға мәжбүр болды. 1930-жылдардағы халықтық толқулардан соң қазақ халқының салт-дәстүрін, тіпті Наурыз мерекесін думандатып тойлау билік тарапынан Кеңес өкіметіне қарсылық ретінде қабылданды. Ресми түрде мерекеге тыйым салу туралы заңды күші бар құжат жарияланбағанымен, Кеңес өкіметі мерекенің тойлануын «шектен шығармауға» тырысты. Қазақстанда Наурыз 60 жылдан астам уақыт бойы ресми түрде тойланбады.
Дегенмен, Кеңес заманында, Наурыз мерекесі халық жадынан шыққан емес. Мысалы, мереке қарсаңында «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің нөмірі көк түсте шыққан. Газет редакторы Сейдахмет Бердіқұлов оны «көктем нөмірі» деп атағанымен, бұл «Наурыз» мағынасын білдірді.
Кеңес өкіметінің соңғы жылдарында Наурызды ресми түрде тойлау халық үшін маңызды оқиғалардың бірі болды. Михаил Горбачев КОКП ОК Бас хатшысы болып сайланғаннан кейін 1985 жылы «қайта құру» саясаты жарияланды және қоғамдық бастамаларды көтермелеу Наурыз мерекесін жандандыруға керемет мүмкіндік берді. Сол кезде Наурыз мейрамын тойлауға бастама жасаған қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер туралы түрлі пікірлер бар. Олардың арасында 1988 жылы 9 ақпанда Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болып сайланған Өзбекәлі Жәнібековтың орны ерекше. Мерекенің негізгі бастамашысы – Мұхтар Шаханов еді. Колбинге жазған хатында Мұхтар Шаханов 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақтарға Наурызды тойлауға рұқсат берсе, онда халықтың билікке деген көзқарасы өзгереді деп сендірді. Колбиннің келісімінен кейін, қайта құру кезінде 1988 жылы Қазақстанда алғаш рет ресми деңгейде Наурыз мерекесі тойланды.
1991 жылғы 15 наурызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Көктемнің халықтық мерекесі – Наурыз мейрамы» туралы Жарлығы шықты, онда 22 наурыз – мереке күні деп жарияланды. 2001 жылы Наурыз мемлекеттік мереке ретінде жарияланды. Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында үш күн бойы тойланып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.
Аз уақыттың ішінде Наурыз дәстүрлі және халықтық мерекеге айналды. Бұл мереке көктемнің басталуын, жер мен табиғаттың жаңаруын ғана емес, сонымен бірге адамдарды бірлікке шақырып және отбасы құндылығын дамытады. Қазіргі уақытта Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылық акциялары мен мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру белсенді жүргізілуде. Бұл күндері барлық жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылады. Қорыта келгенде, ата-бабамыз­дан келе жатқан думанды Наурыз мерекесімен Сіздерді құттықтай отырып, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп айтқым келеді! Ынтымақты елдің ырысы мол демекші, бірлігіміз бекем болсын!

Мадияр Ташев,
Түркістан облысы
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...