12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ынтымақтастық нығайды

Маңғыстау облыстық соты Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетімен 2017 жылдан бері тұрақты қарым-қатынас орнатып, тығыз байланыс­та жұмыс жасап келеді.
Жыл сайын соттарда тек осы университеттің өзінен 60 шақты студент бір айлық өндірістік және үш айлық дипломалды тәжірибеден өтеді. Университет пен соттар бірігіп, ғылыми ізденістегі тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында облыстық деңгейден бастап, халықаралық деңгейге дейін ғылыми-практикалық, тәжірибелік семинарлар мен конференциялар өткізіп келеді. Судьялар тұрақты түрде оқу жылының барысында студенттерге дәріс оқиды.
Жақында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, алқа төрағалары Исатай Сматов, Гүлажар Бақытжанова, Ержан Қарабаев және судья Қазила Сағындықова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне іссапармен барды.
Университеттің ректоры Берік Ахметов алдымен кампус тур жасап, ғимаратпен, жетістіктерімен, оқу тә­жірибелік құралдарымен жете таныс­тырды.
Бүгінде университетте 1300 студент оқыса, соның жартысы, нақты айтқанда 644 студент «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алуда. Мұнда сот залы, медиация кабинеті, заңгер академик Салық Зиманов атын­дағы оқу залы арнайы жабдықталған.
Осыдан соң сот төрағасының студенттермен кездесуі өтті. Онда Бек Әметов студенттер мен өзінің тәжірибесі, ағалық ақыл-кеңесімен бөлісті.
«Сіздер еліміздің тұтқасын ұстайтын болашақ мамансыздар. Сіздердің білікті де білімді болуыңыз, іскер әрі бәсекеге қабілетті тұлға боп қалыптасуыңыз әрбіріміз үшін маңызды. Сондықтан да сіздерге барынша қолайлы жағдай жасалып, терең білім алуға мүмкіндік берілуде. Сіздердің тарапыңыздан, Абай ақын айтқандай, «бес асыл» қасиет болса жеткілікті. Соттар да студенттердің оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ізденіс­теріне қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Егер қаласаңыздар, кез келген уақытта ашық сот отырыстарына қатысып, сот қызметкерлері мен судья­лардың атқаратын қызметтерін көзбен көрулеріңізге болады», – деді сот төрағасы.
Кездесу барысында бірқатар студент сұрақ қойып, оған жауаптар алса, бірқатары өз пікірлері мен алғыстарын білдірді. Жастармен кездесу соңы тараптардың өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне жалғасты.
Меморандум аясында судьялар оқу үрдісіне және дуалды оқытуға, мемлекеттік аттестациялық және емтихан комиссияларына қатысатын болады. Оқытудың озық әдістері мен технологияларын қолдану мақсатында дуалды оқыту бағдарламасымен студенттерге бірқатар сабақтар сот ғимараттарында өткізіледі. Бұл үшін соттарда өткізілетін сабақ кестелері бекітілді.

Гауһар Нұрханова,
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...