Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, дер хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары — «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...