12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Yandex Qazaqstan – QLED-экраны және АІ көмегімен бейнені оңтайландыратын құрылғылары бар екінші буындағы ТВ-станциясын таныстырды

Қазақстанда QLED ТВ Станциясы сатылымға шықты. Бұл ақылды колонка мен смарт-тв мүмкіндіктерін біріктірген екінші буындағы ақылды теледидар. Жаңа модельде AI Picture Quality бейнені оңтайландыру функциясы, балалардың теледидар көру уақытын шектеу және браузер функцияларын дауыс арқылы басқару мүмкіндігі пайда болды. QLED ТВ Станциясы 43, 50, 55 және 65 дюйм диагональдарында ұсынылған. Бағасы диагональ мөлшеріне қарай сәйкесінше 289 990, 349 990, 379 990 және 499 990 теңге тұрады. Бұл өнім компанияның орта сегменттегі QLED-экраны бар алғашқы ақылды теледидары.

AI Picture Quality функциясы

AI Picture Quality – бейнені жасанды интеллект көмегімен оңтайландыру технологиясы. Нейрожелі теледидар экранында не болып жатқанын саралап, түс жіберу, жарықтылық, қанықтық мен детализацияны жақсартады. Осы функция арқылы экрандағы адамдардың бет-әлпеті шынайы, табиғат аясы – қанық, ал сәулет детальдары – нақтырақ көрінеді. AI Picture Quality көшіруден қорғалмаған кез келген фильм, сериалдар мен роликтерді көргенде де қолжетімді. Сонымен қатар жаңа функция Про ТВ станциясы мен бірінші буындағы ТВ станцияларына да қосылған. Оны баптаулардан қосуға болады.

AI Picture Quality технологиясы мен былтыр іске қосылған смарт-функциялар ТВ станциясын нағыз AI TV-ға айналдырды. Пайдаланушылар дауыс командаларын өзіне қалай ыңғайлы солай бере алады: құрылғы түрлі сөз тіркестерін түсіне алады, күрделі командаларды қарапайым сөйлемге бөліп, экранда не болып жатқанын қадағалай алады. Мысалы: «Алиса, выключи телевизор, когда закончится фильм» деп айтуға болады. Дауыспен басқару опциясы әзірге орыс тілінде ғана қолжетімді.

Бейне мен дыбыс

QLED ТВ станциясында Ultra HD (4К) шешімі және экранның 450 кд/м² мөлшерінде жарықтылығы бар. Модель МЕМС және HDR10 стандартын көтере алады. KSF QLED экран технологиясы кез келген көріністі қарау кезінде жарқын түстерді қамтамасыз етеді. Компания инженерлері өндірісте ақ түстің балансын әр модель үшін жекелей баптайды. Бұл шара модельдер бірдей сапалы кескін беруі үшін жасалады. Енді осы баптауға жасанды интеллект көмегімен қанықтық пен айқындықты жақсарту функциясы қосылды.

Жаңа теледидарда жалпы қуаты 34 Вт-ны құрайтын – екі кеңжолақты және екі жоғары жиілікті төрт динамик орнатылған. Бұл динамиктер Dolby Audio технологиясын оқи алады, компания инженерлері оларды дыбысты фирмалық баптаудан өткізеді. Модельдегі акустика функциясымен Алиса ақылды колонкаларын әзірлеуші компания айналысты. Осы мүмкіндіктердің бәрі музыка тыңдау, фильм көру кезінде сапалы теңгерімдегі дабысты қамтамасыз етеді.

YaOS X операциялық жүйесінің жаңа мүмкіндіктері

YaOS X платформасы және Far Field микрофондар блогы арқылы теледидарды пультсіз басқаруға болады. Екінші буындағы ТВ станциялары шығысымен YaOS X жүйесінде ата-ана бақылауының кеңейтілген функциясы және браузерді дауыспен басқарудың жаңа командалары пайда болды.

Енді ата-аналар баптауға кіріп, бала қандай күндері және неше сағат теледидар көре алатынын белгілей алады. Егер бала теледидар көру уақытын ұзартқысы келсе, ол мұны Алисадан сұрай алады. Алиса бала сұрауын ата-анаға жібереді. Ата-ана «Дом с Алисой» қолданбасы арқылы баланың теледидар қарау уақытын қашықтан ұзарта алады. Бұдан басқа ересектер баланың балаларға арналған аккаунттан шығып кетпеуі үшін пин-код орната алады.

Теледидардағы браузерді дыбыспен басқаруға мүмкіндік беретін командалар пайда болды. Олардың көмегімен сайттарды ашуға, беттерді парақтауға, интернетте ақпарат іздеуге және іздеудегі деректерді басқаруға болады. Мысалы, «Алиса, открой сайт Яндекс Практикума» деп айтуға болады. Жаңа функциялар пайдаланушыларға әзірге орыс тілінде қолжетімді.

Сервистік қызмет көрсету

Құрылғыларға сервистік қызмет көрсету тәсілі өзгерді. Барлық ТВ Станция, соның шінде бұрын алынған модельдерге қызмет көрсету мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Осы уақыт аралығында пайдаланушылар үшін құрылғыларды жөндеуге қажетті жиынтықтауыштар, құралдар мен нұсқаулықтар қоры бар ресми сервистік орталықтарда қызмет алу қолжетімді.

QLED ТВ Станциясын Технодом», «Сулпак», «Алсер», «Мечта», «Мобил Плюс» дүкендер желілерінде және Kaspi маркетплейсінен сатып алуға болады.

Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейрожелі негізінде өнімдер мен сервистерді шығаратын технологиялық өндіріс. Компания Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға, пайдаланушылардың өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу қызметі, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар әзірлеушілер білім беру және әлеуметтік жобларды дамытумен айналысады.

Теледидар суреттерін мына сілтемеден көруге болады