Yandex Qazaqstan Іздеуді дамыту жөніндегі директоры лауазымына Улан Кайрбековты тағайындады

Улан Кайрбеков Қазақстанда Яндекс Іздеуді дамыту жөніндегі директоры болып тағайындалды. Ол елімізде сервистің стратегиялық дамуына, жаңа сценарилер мен технологиялар енгізуге жауап беретін болады.

«Біздің басты мақсатымыз — қазақстандық қолданушыларға күнделікті мәселелерді шешуге көмектесетін ақпаратқа жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету. Яндекс Іздеу әлем бойынша контентті қазақ тілінде қол жетімді ететін бірнеше шешімдер енгізіп үлгерді. Соның бірі — Нейро: нейрожелілер көмегімен ол ғаламтордағы барлық қол жетімді ақпаратты қолдана отырып сұраққа бір жауап береді. Біз Қазақстанды бұл өнімді және ақпарат іздеу үрдісін өзгертетін, оны жылдамдататын, тиімдірек ететін басқа шешімдерді дамытуды жалғастырамыз», — деді Улан Кайрбеков.

Бұрын Улан Кайрбеков OLX Kazakhstan бас директоры лауазымын 2,5 жыл атқарған. Сондай-ақ ол Naimi.kz — қызметтерге тапсырыс беру және пермонал іздеу платформасының негізін қалап және басқарған.

Yandex Qazaqstan — Яндекс Қазақстан— машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...