12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Яндекс Музыка енді Samsung Galaxy Watch сағаттарында: қазақстандықтар смартфонсыз музыка, подкаст, аудиокітап тыңдай алады

 Енді қазақстандықтар сүйікті әндерін, аудиокітаптары мен подкасттарын тыңдау үшін смартфонды өзімен бірге алып жүруі шарт емес — Яндекс Музыка Samsung Galaxy Watch смарт-сағаттарына арналған автономды қосымшасын іске қосты. Қосымша смартфонға қосылмай-ақ жұмыс істейді және толықтай сағат арқылы басқарылады.

 Galaxy Watch иелері енді жүгіріс кезінде немесе спортзалдағы жаттығуда смартфонсыз-ақ Музыканы, «Менің толқынымды», подкасттар мен аудиокітаптарды тыңдай алады. Қосымша Яндекс Музыканың барлық танымал функцияларын қолдайды: «Менің толқынымды» қосу, тректерге лайк басу, оларды Коллекцияға сақтау, сондай-ақ «Жүгіріс» және «Жаттығу» режимдері бар ақылды ұсыныстар жүйесін іске қосу мүмкіндігі бар.

 Басты бетте ағымдағы трекке және плеерге жылдам өту, ал төменгі жағында жүктелген контент пен Коллекцияға жедел қолжеткізу мүмкіндігі ұсынылған. Коллекция мобильді нұсқадағыдай көрініске ие: альбомдарға, орындаушыларға, подкасттар мен кітаптарға және «Ұнайды» плейлистіге өтуге болады. Интернетсіз тыңдау үшін арнайы «Жүктелгендер» бөлімі қарастырылған.

 Samsung Galaxy Watch-қа арналған бұл қосымшаның шығуы — Яндекс Музыканың кез келген жағдайда — кеңседе, үйде немесе серуенде музыка, аудиокітап пен подкастты тыңдауды ыңғайлы етуге бағытталған кезекті қадамы. Бұған дейін сервис мобильді және десктоп қосымшаларын жасап, ыңғайлы веб-нұсқасын іске қосып, Яндекстің Алисасы бар ақылды құрылғылармен интеграция жасаған болатын. Енді сол тізімге смарт-сағаттарға арналған бөлек қосымша қосылды.

 Samsung Galaxy Watch сағаттары WearOS жүйесінде жұмыс істейді және кез келген Android-смартфонмен үйлеседі. Қосымшаны қазірдің өзінде Google Play дүкенінен Samsung Galaxy Watch4 және одан кейінгі модельдерге жүктеуге болады.

 Анықтама:

 Яндекс Музыка — Яндекс Плюс қызметтерінің бірі. Ол тыңдарманның көңіл-күйі мен талғамына бейімделетін «Менің толқыным» сияқты жеке ұсыныстар жүйесімен ерекшеленеді. Платформада қазақ тіліндегі танымал әндер де ұсынылады. Сонымен қатар, Яндекс Музыка қазақстандық орындаушыларға ISKRA Qazaqstan жобасы арқылы қолдау көрсетіп, олардың ел ішінде де, шетелде де тыңдарманын кеңейтуге мүмкіндік береді.

 Яндекс Плюс жазылымы фильмдер мен сериалдарға, кітаптар мен музыкаға қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Яндекстің Қазақстандағы қызметтерінде кэшбэк ұсынады және жазылымды үш адамға дейін бірге қолдануға мүмкіндік береді.

«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды

Форумға қатысу үшін Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар...

В селе Кобда с размахом прошло празднование 100-летия Алии Молдагуловой

В честь юбилея легендарной казахской девушки-снайпера установили 80 юрт,...

Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті

Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша...

В диалоге – решение

ОТКРЫТОСТЬ, ДИАЛОГ, КОНКРЕТНЫЕ ИНИЦИАТИВЫ И СОВМЕСТНЫЕ ДЕЙСТВИЯ – КЛЮЧЕВЫЕ...