12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық сауат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» жеткізеді

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көрсетілгендей, хабарлама, ұсыныс, үн қосу және сұрау салулар оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралады. Бұл рәсімді мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға мен олардың лауазымды адамдары аталған Кодекстің 12-тарауына сай жүзеге асырады.
Көпшілікке түсінікті болуы үшін ұсыныс, үн қосу, хабарлама, сұрау салу нормаларына тоқтала кетсек, әкімшілік рәсімге қатысушылар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік органдар жұмысын жетілдіруге, т.б. қызмет салаларын жақсартуға қатысты ұсынымдарын ұсыныс ретінде ұсынады. Бұған қоса олар мемлекет жүргізіп отырған саясат пен қоғамдық сипаттағы оқиғаларға, сондай-ақ, құбылыстарға өз көзқарастарын үн қосу арқылы білдіреді.
Ал, заң талабы бұзылғанын, сонымен қатар, жоғарыда аталған органдар мен лауазымды және заңды тұлғалар жұмысынан байқаған кемшіліктерді хабарламамен береді. Сұрау салу заңмен айқындалғандай, әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші.
Оңайлатылған әкімшілік рәсім заңға сай тоқтатылады. Оның тоқтатылуына хабарлама, ұсыныс, үн қосу, сұрау салулар қайталап берілгенімен, оларда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлардың келтiрiлмеуі, сондай-ақ, арыз иесіне белгiленген тәртiпте жауап берілуі негіз болады. Бұған қоса арыз иесі электрондық қолтаңбасын, пошталық мекенжайын, т.б. өзі туралы нақты мәліметтерді көрсетпеген, мәселенің мәні түсінікті баяндалмаған жағдайларда да оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылады.
Бұл әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімді хабарламаны, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды қарайтын орган басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды. Мұндай шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау нәтижесінде хабардың, ұсыныстың және үн қосудың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру, назарға алу, әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады. Аталған рәсімдердің барлық түріне берілетін жауаптарда заңдардың сiлтемесі, сондай-ақ, мемлекеттiк немесе өтiнiш жазылған тiлде уәждеу, қабылданған шешiмге шағым беру құқықтарын түсiндiру, арыз иесінің дәлелдерiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілер көрсетіледі.
Оңайлатылған әкімшілік рәсімдерін қарайтын органдар мен лауазымды адамдар арыз иесін әкімшілік істі қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
  Дамыған елдердің азаматтары мемлекеттік органдар тарапынан орын алған кемшіліктерді ашық көрсетіп, олармен соттасуға да дайын тұрады. Себебі, жария-құқықтық дауларда қарапайым азаматтардың мүддесіне заңмен басымдық берілген. Олар өздерінің құқықтарын жақсы біледі әрі оны дұрыс пайдаланады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде де азаматтардың сотқа жүгіну мүмкіндіктері жеңілдетіліп, құқықтық тұрғыдан қорғану тетіктері кеңейтілді. Яғни, қарапайым жұртшылықтың мемлекеттік органдар алдындағы әлеуетін көтеруге барынша жағдай жасалды. Сондықтан, азаматтар халық үніне құлақ асатын мемлекетті өздерінің құқықтық сауаттылықтарын көтеру арқылы құра алатындарын білулері керек.
Мұхит Мұқашев,
Маңғыстау облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...