12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық орта қалыптастыру жолында

2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді. Бұл модельде қылмыстық процеске үш буын жауап береді: тергеу органы, прокуратура және сот. Соған орай құрылымдар арасындағы өкілеттіктер нақты анықталған. Тергеу органы қылмысты және оған қатысы бар адамдарды анықтайды, дәлелдер жинайды. Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді және қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқығын қозғайтын негізгі процестік шешім қабылдайды және айып тағады. Прокурор келісімінсіз қылмыстық қудалау органының барлық түйінді шешімінің заңды күші және құқықтық салдары болмайды. Осылайша, прокурор шешімді бекіткенге дейін азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол берілмейді.
Сот істі қарау нәтижелері бойынша барлық дәлелді бағалайды және үкім шығарады. Ағымдағы жылы Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы 918-ден астам негізгі шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексерді.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап аса ауыр қылмыстық істер бойынша тергеу­ді аяқтай отырып, тергеушілер есеп жасайды, ал олар бойынша айыптау актісін шығару прокурорға өтті. Қазіргі уақытта Әуезов ауданының прокуроры аса ауыр санаттағы 3 қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасады және сотқа қарау үшін жіберді. Қабылданған шаралар нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқығының бұзылуына жол берілген жоқ.
Негізгі шешімдерді келісудің тағы бір артықшылығы артық бюрократиялық кідірісті болдырмайды. Прокурор заңдылықты қадағалайды және шешім қабылдағаннан кейін емес, басынан бастап тергеуге қатысады. Осылайша, айла жасау фактілері барынша азайтылды және азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тарту дер кезінде тоқтатылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі заңның пәрменін арттырып, әділдікті және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Үш буынды модельді енгізу Адам құқықтары саласындағы жоғары халықаралық талаптарға толық жауап береді.

Қанат ҚЫЛЫШБАЕВ,
Алматы қаласы Әуезов ауданы прокуратурасының бөлім басшысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...