12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда әрбір бастама маңызды

Мемлекет басшысы әрбір жолдауында заң үстемдігінің берік орнығуы мен сот төрелігінің әділ атқарылуына баса мән береді. Бұл мәселеде қылмыстық заңнамаларды мұқият саралау, сонымен қатар, адам өмірін қию, қарақшылық секілді ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау, тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын барынша қатаңдату, нашақорлық, есірткі саудасымен күресте  кешенді жоспар әзірлеу жұмыстарын тапсырған  болатын. 

Қазіргі таңда бұл бағытта кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Елімізде азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот, басқа да құзырлы органдар арқылы қорғай алуы жан-жақты қарастырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасы институтына айтарлықтай әсер ететін әлеуметтік проблема болғандықтан, Қазақстанның халықаралық құқық қорғау келісімдерін ратификациялап, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде міндеттемелер алғаны баршаға мәлім.

Соған орай, ел заңдарымен  тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болуы мүмкін адамдардың құқықтары және оны қорғау шаралары барынша нақтыланды. Дейтұрғанмен, жұртшылықтың заңмен берілген мүмкіндікті пайдаланбауы, яғни, өз құқықтарын дұрыс білмеуі тұрмыстық зорлық-зомбылықты өршітіп тұр.

Бұған қазақстандық отбасылардағы зорлық-зомбылық оқиғаларының  соңғы жылдары күрт өсуі дәлел. Мысалы, ресми мәліметтер күйеуінің қысымына ұшыраған әйелдер үлесі үш жыл ішінде 25 пайыздан асқан. Осы жағдайдың өзі зорлық-зомбылық, әлімжеттік әрекеттеріне жазаны барынша қатаңдатуды талап етіп отыр.

Бұл мәселе Президенттің биылғы 1-қыркүйектегі жолдауында да көрініс тапты. Яғни, Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызуды атап айтып: «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын» деді.  

Осыған орай, қазіргі таңда заңнамалық тұрғыда тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркемей-ақ, бірден ашу сипатына көшіру, татуласуға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық жазаларын барынша қатайту шаралары әзірленуде. Құқық бұзушылық қайталанып жасалған жағдайда әкімшілік қамауға алуды 25 тәулікке дейін ұлғайту да қарастырылып жатыр. Мұндай  нормалар өз кезегінде құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етері анық.

Азаматтардың теңдігін қамтамасыз ететін қоғам құру, әсіресе, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау өркениетке ұмтылған елдің басты міндеттерінің бірі. Өйткені, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықта гендерлік теңсіздік мәселесі маңызды рөл атқаратынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осы себепті, Президент айтқандай, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызып, жаза түрін мейлінше қатайтудың артық болмайды. Керісінше, әлімжеттік оқиғаларын болдырмаудың мүмкіндігі артады.

Сарапшылардың пікірінше, айтып отырған мәселенің оң шешімін табуында цифрлық технологиялар мен статистикалық мәліметтерді пайдалану да тиімді тетіктердің бірі болады. Мәселен, статистикаға сүйену арқылы қандай да бір проблемалар туындауы мүмкін өңірлердегі отбасыларды анықтап, тиісті шараларды дер кезінде қабылдау өз кезегінде қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермейді. Сондықтан, бұл тұрғыда қолға алынған әрбір бастама қашан да маңызды.

Бейнегуль Кайсина,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...