XIX ғасырда шыққан құнды кітаптардың цифрлы көшірмесі жасалды

XIX ғасырда шыққан құнды кітаптардың цифрлы көшірмесі жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлер мен 20 ғылым саласы бойынша оқу құралдарының цифрлы көшірмесін жасады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың электронды нұсқасы да жүктелді.

Кітапхана оқырмандарының кез келген әдебиетті компьютерге немесе мобильді телефонға жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, оқу орнының электронды кітапхана қорында 10 мыңнан астам әдебиет сақтаулы. Оның ішінде лицензияландырылған таспалар, оқулықтар мен сирек басылымдардың электронды және цифрландырылған нұсқалары бар.

Жалпы алғанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасындағы әдебиеттер қоры 1 миллионнан асады.

Басылымдардың 700 мыңға жуығы оқу құралдары болса, 192 мыңнан астамы ғылыми бағыттағы кітаптар. Ал көркем әдебиеттің үлесі 142 мың көлемде.

Сондай-ақ университеттің кітап қорында 54 мың шамасында сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар сақтаулы. Жалпы әдебиеттердің 936 512-сі қазақ тілінде, 120 939-ы орыс тілінде және 10 327-і шетел тілдерінде.

Кітап қоры кафедралардан түскен тапсырыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы және авторлардың сыйға тартылған кітаптары мен университет баспасынан шыққан оқулықтар арқылы толықтырылады.

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...

Рухани-адамгершілік әдебиетті зерделеу

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері рухани-адамгершілік және...

Изучение духовно-нравственной литературы

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности в рамках...