spot_img
spot_img

WBA Головкинге суперчемпион мәртебесін берді

Қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.

Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы — кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы жетінші орында.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...