12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Онлайн сот жұмысты жандандыруда

Еліміздің сот саласында заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылуда. Соттар өндірісіне заманауи цифрлық озық технологиялар, дыбыс-бейне жазбалар, іс қағаздары мен хат-хабарларды жүргізудің электрондық қызметтері енгізілді. Бүгінде республикадағы барлық сот толықтай ғаламторға қосылған. Сот төрелігі сақтық шаралары ұйымдастырыла отырып жүзеге асуда. 

Саладағы заманауи форматтар жұмыс процесін барынша жеделдетті. Электронды сот төрелігінің нәтижесінде істерді тиімді шешудің жаңа тетіктері қалыптасты.

Қазіргі таңда жүйедегі жеті басым бағыттың бірі – «Е-Сот» аясында іске қосылған «Виртуалды сот» жобасы сот төрелігіне қолжетімділікті одан әрі арттырды. Әсіресе, аталған жобаның тиімділігі пандемия кезінде қарқын алды. Дыбыс-бейне құрылғылар арқылы басқа өңірлерде, тіпті, шетелдерде жүрген азаматтардан да жауап алынады. Олардың сот залдарына арнайы келуі шарт емес. Нақты айтқанда, жұртшылық сот отырыстарына уақыттары мен қаражаттарын үнемдей отырып, түрлі мобильді бағдарламалар көмегімен қатысуда.

Бұл үшін тараптарға сот отырысының болатын уақыты SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Хабарлама алғандар мобильді бейнебайланысқа қосылады. Ескерерлігі, онлайн процеске қатысушыларға да соттар секілді үлкен дайындық керек. Себебі, оның сапалы өтуі үшін мүмкіндігінше тыныш жер таңдалыну қажет. Сонда ғана қатысушылардың сөздері анық естіліп, мұқият тыңдалады. Онлайн режимінде өтетін процестерде де сот отырысының электронды хаттамасы толтырылып, дыбыс-бейне жазбасы жүргізіледі. Заман талабына сай ұйымдастырылған онлайн поцестер тараптарға да, сот мамандарына да қиындықтар тудырмай, істер жан-жақты және объективті қаралуда. Төтенше жағдайдың өзі азаматтардың сот арқылы қорғалу құқықтарын шектемейтінін көрсетті.

Жаңа технологиялардың артықшылығын Судьялар қауымының VIII съезінде Мемлекет басшысы айрықша атап, ел соттарының қиын жағдайға қарамастан азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғағанына тоқталды. Бұған қоса президент: «Ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтықтан жүргізу форматына жедел көшірілді. Бұл ұтымды әрі оңтайлы шара болды» деді. Соттар сот төрелігін уақтылы әрі әділ атқаруға міндетті десек, сөзімізге мысал етіп отырған игі істер соның жарқын көрінісі. Озық ақпараттық технологиялар сыбайлас жемқорлықты болдырмауда да пәрменді. Жетістіктер нәтижесінде процессуалдық байланыстар азайтылды. Барлық жаңа жобалар мен тың бастамалар сот жүйесінің ашықтығы мен сапасын арттыруға, солар арқылы заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Р. Б. Жамалбеков, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы 

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...