12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Вице-премьер Скляр Қазақстандағы көлік бағасы туралы пікір білдірді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы көлік бағасына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық форумында Склярға Қазақстандағы көліктің қымбаттауы туралы сұрақ қойылды.

«Қазақстанда ұсақ торапты және ірі торапты құрастыру әдісімен шығарылатын көлік құны белгілі, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес машина жиынтықтарын өндіруші зауыт пен біздің зауыт арасында делдалдар жоқ.

Сондықтан, локализация, мысалы, 32 пайыз — ол бағаға да әсер етеді. Яғни, 32 пайыз кірісті автоөндіруші алды, ол одан әрі дилерге береді, ол ең төменгі үстеме баға белгілеп, сатады. Яғни баға белгілеу ашық», — деп түсіндірді Скляр.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайтынын айтқан болатын.

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...

В Астане прошло праздничное спортивное событие среди детей с РАС

в Астане прошло яркое и по-настоящему праздничное спортивное событие...

Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынады

Атырау және Маңғыстау облыстарында жер астынан тәулігіне 170 мың...

Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі

Тіл – ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ел мен ұлтта...