Вакцинацияның электрон паспорты дайындалып жатыр — вице-министр

Мемлекет басшысының иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR-кодты енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және жүйелендірілген есепке алу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вакцинация туралы деректер министрліктің ақпараттық жүйесінде электрон форматта жүргізіледі.

«Бұл вакцина алған адамдардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізуге болады», — деді Марат Шоранов.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады. Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева ол үшін электронды есеп жүргізу жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын, яғни вакцинацияның электрон паспорттары енгізілмек.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...