Вакцинадан кері реакция болатын жағдайға арнайы алгоритм бар — ДСМ

Коронавирусқа қарсы вакцина салынғаннан кейін кері реакция болған жағдайда нақты алгоритм бар. Бұл туралы «Астана медицина университеті» КеАҚ доценті, м.ғ.к., Қалалық жұқпалы аурулар орталығының бөлім меңгерушісі Зәуреш Смағұлова, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әрине, қандай болса да, вакцина енгізілгеннен кейін кері реакция болуы мүмкін. Ол енді болатын нәрсе. Нақты алгоритм бар. Вакцинациямен айналысатын дәрігерлер алгоритмді нақты біледі және көмек көрсете алады», — деді дәрігер ОКҚ онлайн-брифингте.

Маман вакцинациядан кейін болатын әсерлердің екі топқа бөлінетінін атап өтті.

«Бірінші топ — жалпы реакциялар. Мысалы, дене қызуы, тұмаудың көріністерінің байқалуы. Екінші топ — денедегі нақты өзгерістер. Сол вакцина енгізілген жерде қызару, қышыну реакциялары болуы мүмкін. Сол әсердің түріне байланысты әртүрлі көмек көрсетіледі. Қызбасы болса, қызуды төмендететін препараттар беру. Жергілікті реакция болған кезде көбінесе ешқандай дәрі-дәрмек тағайындамаймыз. Ол вакцинациядан кейін болатын реакция деп саналады. Жергілікті әсері болған кезде ешқандай кері болмайды. Жалпы температураның жоғарылауы болса, әрине ондай жағдайларда стероидті емес, қабынуға қарсы препараттарды береміз», — деді маман.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация 1 ақпанда басталатынын хабарлаған болатын. Алдымен осал топтағы адамдарға екпе егіледі.
  • 1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері вакцина ала алады.
  • 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-ның педагогтері, медициналық қызмет қызметкерлері.
  • 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы ауруы бар адамдар егу салдырады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...