Вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керек?

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керегін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Әрине, менің жасымдағы адамдар бұрыннан біледі деп ойлаймын, бәрі вакцина салдырған. Оның кейбірі ауыр түрде өтеді. Бұл вакцина да сол сияқты әр адамға әртүрлі әсер етеді. Мен өзім вакцина салдырғаннан кейін менде ине салдырған орын ғана ауырды. Ал менімен бірге салдырған әріптестерімнің кейбірінде дене қызуы көтерілді, кейбірінде қалтырау болды.

Дене қызуы көтерілсе, оны түсіруге көмектесетін дәрілері болады. Олар антибиотик емес, дене қызуын түсіруге арналған парацетамол, ибупрофен деген секілді препараттар. Соларды қабылдауға болады. Моншаға барып, спортпен де айналысуға болады. Бірақ бірінші кезекте дене қызуын түсіру керек. Одан кейін вакцина салдырғаннан кейін үш күндей моншаға түсуге, су тигізуге болмайды. Сол тәртіпті сақтау керек. Одан кейін адамның жағдайына байланысты моншаны да қабылдауға болады. Әр нәрсе өз орнымен», — дейді Лаура Мырзағали Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталған болатын. Вакцинация кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынатынын айтқан болатын.

 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...