Вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды: Министрлік түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде вакцина салдырған  16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаевтің сөзінше, Қазақстанда қолданылатын КВИ-ға қарсы вакцина құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан салған вакцина коронавирус ауруын тудырмайды.

«Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір бөлігі ғана бар. Кейін инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл вирусты танып, оны жояды. Осыған байланысты, адам вакцинадан вирус жұқтырмайды және басқаларға жұқпалы болмайды», — деп түсіндірді ол.

Министрлік өкілінің айтуынша, инфекцияға қарсы вакцина салдырған адамдардың коронавирус жұқтыруы антиденелердің 12-14 күннен кейін пайда болуына байланысты.

«Инфекцияға қарсы толыққанды иммунитетке қол жеткізу үшін вакцинаның екі дозасын, яғни вакцинаның толық кешенін алу қажет. Вакцинациядан кейін иммунитетті қалыптастырудың аяқталуы екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 21 күннен кейін күтіледі. «Спутник V» вакцинасын әзірлеушілердің деректері бойынша кейбір адамдарда жеке ерекшеліктеріне байланысты иммунитеттің қалыптасуы көп уақытты алуы мүмкін», — деді Ержан Байтанаев.

Бұған дейін Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...