Вайнер Мейіржан Төребаев неге үйіне жіберілді? ҚАЖД түсіндірді

Павлодар облысы ҚАЖД сотталушы Мейіржан Төребаев неге үйіне шығарылғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын құрғаны үшін бес жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуі мен балаларының үйдегі суретін жариялады. Оның айтуынша, Мейіржан Төребаев заңға сәйкес қысқа мерзімді демалысқа шығарылған.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы аудандық сотының үкімі бойынша, бес жылға сотталған Мейіржан Төребаев жазасын №44 мекемеде өтеп жатыр, ол «Еңбек-Павлодар» филиалында «Еңбек» ШЖҚ РМК-да жұмысшы болып орналастырылған.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113 бабы негізінде 2024 жылы 17 мамырда Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлына мекемеден тыс жерлерге шығуға, атап айтқанда, 2024 жылы 17 мамырдан бастап 2024 жылы 27 мамырға дейін Алматыда жол уақытын қоса есептегенде, 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді», — делінген хабарламада.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.