Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер мекемесінде ерекше мәдени кеш ұйымдастырылды. Сотталған әйелдер ән, би және шығармашылық қойылымдар арқылы халықтың ерлігі мен батырлар рухына деген құрметтерін білдірді.
Мерекелік іс-шара жай ғана концерт емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын тағылымды естелік кешіне айналды. Қазіргі таңда мекемеде екі жүзден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Іс-шараға төрт жасақтан сексеннен астам сотталған қатысып, әрқайсысы бағдарламаны дайындауға өз үлесін қосты.
Бұл күні қатысушылар шығармашылық арқылы соғыс жылдарындағы көріністерді сахналап, майдан даласының атмосферасын және көптен күткен Жеңіс сәтін жеткізе білді. Сахнада әскери және патриоттық әндер шырқалып, би композициялары орындалды. Қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.
— Мұндай іс-шараға қатысу мен үшін ерекше маңызға ие. Менің арғы атам соғыс туралы, сол кездегі қиындықтар мен адамдардың ерлігі жайында жиі әңгімелейтін. Өз өнерім арқылы сол эмоцияларды жеткізіп, Жеңістің қандай ауыр бағамен келгенін көрсетуге тырыстым, — деді қатысушылардың бірі.
Мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранованың айтуынша, мұндай іс-шаралар тәрбиелік жұмыста маңызды рөл атқарады.
— Жеңіс күні — халықтың батырлығы, төзімділігі мен бірлігін еске салатын ерекше күн. Мекеме жағдайында біз тарихқа құрмет пен патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше мән береміз. Шығармашылық арқылы жауапкершілік сезімі, азаматтық ұстаным және рухани құндылықтар дамиды, — деп атап өтті ол.
Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және моральдық-адамгершілік қасиеттерін нығайтуға ықпал етеді.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...