12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

30 елде маймыл шешегінің 550-ден астам жағдайы тіркелді — ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден астам жағдайы тіркелгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекет халықтың кең топтарын бақылауды күшейту керек екенін айтты. Ол маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез-келген адам оны жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта ДДСҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті», — делінген хабарламада.

ДДСҰ жағдайдың дамып келе жатқанына сенімді және маймыл шешегінің әлі көп жағдайлары тіркеледі деп санайды.

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған болатын. Сонымен қатар, ұйым өкілі Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайтынын жеткізген еді.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде аурудың 200-ге жуық расталған жағдайы тіркелген, бірақ іс жүзінде олардың саны едәуір көп болуы мүмкін.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...