Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына төленетін төлемдер туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақтаудағы брифинг барысында айтылды. Спикер айтуынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша асыраушысынан айырылу бойынша төлем туралы шешім қабылданды.

«Жергілікті құрылым желісі бойынша демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазір мөлшері анықталады. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиіс төлемдер жүзеге асырылады», — деді Сарбасов Ақтау әкімдігінде өткен брифингте.

Ол төлем көлемін шамамен атады.

«Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша 257 мың теңге», — деп атап өтті спикер.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ай сайын отбасы 500 мың теңге алатынын айтты.

«Егер бұл көпбалалы отбасы болса, сома жоғары болуы мүмкін. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, біржолғы көмек бес миллион теңге көлемінде қарастырылған», — деп түйіндеді Бозымбаев.

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.

Қазақстанда фармацевтика өндірісі үш жылда 37%-ға өсті 

Қазір елімізде 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші жұмыс істейді.