Ұшақ апаты: Маңғыстаулықтар Қырғыз елінің азаматтарын еліне шығарып салды

29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат — Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.

Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзербайжандық азамат ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...