ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

2024 жылы бекітілген өңірлік карта және облысты дамыту жоспары шеңберінде 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, оның ішінде ұлттық жобалар аясындағы жұмыспен қамту шаралары да қолданылмақ.

– Жыл басынан бастап 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты 12 мыңнан астам орын ашылды. Ұлттық жобалар шеңберінде – 2777 адам, жұмыспен қамтудың белсенді шараларының көмегімен – 2135 ақмолалық, бос жұмыс орындары арқылы – 6995 адам, 10000 тұрғынға 100 жұмыс орны жобасымен – 4391 адам және мемлекеттік гранттар арқылы 84 адам жұмыс тапты. Облыс бойынша ұлттық жобалар шеңберінде 278 жоба іске асырылуда, шамамен 2800 азамат жұмысқа орналастырылды. Өңірлер бойынша айтатын болсақ, Шортанды ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту аясында 16 жұмыс орны құрылды. Аршалы ауданында көктемгі егіс жұмыстарына 120 адам жұмылдырылды, сондай ақ егін жинау жұмыстары аясында Есіл ауданында 71 өңір тұрғыны жұмысқа кірді. Бестөбе кентінде 300 орындық мектеп салу барысында – 25 жаңа жұмыс орны құрылды, одан бөлек, қоғамдық жұмыстарда 1093 адам, әлеуметтік жұмыс орындары 330, жастар практикасы – 332 жасөспірім, бірінші жұмыс орнында – 110 адам, ұрпақ келісімшарты жобасы бойынша – 10, әлеуметтік жұмыс орындары, яғни мүгедектігі бар – 4 адам және күміс жас жобасы аясында – 256 ақмолалық жұмысқа орналасты, – дейді Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина. Басшының айтуынша, күміс жас жобасының мақсаты: зейнеткерлік жасқа дейінгі тұлғаларға жұмыс беру, жобаның ұзақтығы 36 айдан аспайды. Ағымдағы жылдың 1 тамызында жоспар бойынша 256 адам қамтылды. Мысалы, Евсеенко Елена Ивановна, Ерейментау ауданында тұрады. Ол «Абдумуратова» ЖК ИП 36 ай мерзімге тігінші ретінде жіберілді. Оның жалақысы – 140 мың теңге. Ал Соколовский Александр Николаевич, Зеренді ауданында тұрады. «Бектемір» ШҚ-ға Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі ретінде жіберілді. Оның жалақысы 140 мың теңге. Бірінші жұмыс орны Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін 35 жастан аспаған жастар қатарындағы жұмыссыз адамдарға, ұзақтығы 18 айға дейін жұмыс беріледі. Қонкаев Әділ Жанайдарұлы – Зеренді ауданының тұрғыны, «Ерасыл» ЖК-ге техник-бағдарламашы ретінде жіберілді. Ашим Шыңғыс – Целиноград ауданының тұрғыны, «Нұрислам» ЖК-ге дене шынықтыру және спорт мұғалімі болып орналасты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің сұранысы бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында 544 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда қысқа мерзімді оқытуға 428 адам жіберілді. Крутенко Антон Александрович, Көкшетау қаласында тұрады, «кондитер» мамандығы бойынша «Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінде оқиды. Қазіргі уақытта А. Крутенко «Клименко» ЖК-да тәжірибеден өтуде. Алена Георгиевна, Степногорск қаласында тұрады, мансап орталығында «аспаз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқытуды ұсынды, содан кейін жұмысқа орналасты. Оқуды аяқтағаннан кейін «Сказка» балабақшасына жұмысқа орналасады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан 84 адам өтеусіз грант алды. Юрина Евгения Олеговна – Көкшетау қаласының тұрғыны, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам. «Дамытатын балалар ойыншықтарын өндіру және сату» жобасын іске асыруға грант алды. Бурабай ауданының тұрғыны, көп балалы отбасы Жұматай Әсел Абатқызы «Бастау Бизнес» жобасының кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуын аяқтағаннан кейін «кептірілген жемістерден өндіру» жобасын іске асыруға грант алды. Құрымбаева Айгүл Амантайқызы – Ақкөл ауданының тұрғыны, 2 топтағы мүгедек адам. «Тілдерді дамыту орталығының ашылуына» грант алды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыру қажеттілігі туралы міндет қойды, бұл мұқтаж азаматтарды мақсатты қолдау үшін ресурстарды босатуға көмектеседі. Бүгінгі күні Отбасының цифрлық картасын, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып АӘК тағайындау жүргізілуде. Бұл қолма-қол ақшаның атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті көмек алушыларды, бюджеттің шығыс бөлігін анықтауға мүмкіндік береді. Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек шамамен 1554 отбасына (7147 адам) 465 млн теңге сомасында тағайындалды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем шамамен 57 млн теңге сомасына 2047 балаға көрсетілді. Ақмола облысы бойынша отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы тоқталғым келеді. Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде Степногорск, Қосшы, Атбасар, Бурабай, Шортанды, Зеренді аудандарында 6 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.

Бақыт ЖҰМАБАЙ

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...