Ұлттық спорт күні

Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген. Қазақтың ұлттық спорты-рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді.
Атаулы мереке аясында ҚАЖД №60 түзеу мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие беру жұмысы бөлім қызметкерлері мен Қызылорда қалалалық спорт бөлімі және №6 кешкі мектеп ұжымы бірлесіп, сотталғандар арасында спорттық сайыс ұйымдастырды.
Шараның мақсаты : Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерін насихаттау, әрі сотталғандардың салауатты өмір салтын арттыру, дене шынықтыру болып табылады.
Шара барысында асық ату, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысып орын алған сотталғандар медальдармен грамоталармен марапатталды.

Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие беру жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Уайдаев Абдолла Нағашыбекұлы шара соңында былай деп шараны аяқтады.
Сотталғандар қазақтың ұлттық ойындарын сағынып қалғанын байқадық. Олар сайыста ұлттық спорт түрлері қол күрес, гір көтеру, ләңгі тебу, асық ату, арқан тартумен сынға түсті. Бәрі де алдын ала тіркелу арқылы сайыстың қатысушысы атанды. Қатысуға ниет білдірген сотталғандардың санының көптігіне қарап, ұлттық дәстүріміздің жоғалмай, әрмен қарай дамып келе жатқанын байқауға болады. Осы сайысты ұйымдастыру мақсатымызда осы.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...