12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ

Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу қай қоғамның болмасын басты қағидаларының бірі. Бұл орайда ұлттық құндылықтардың тәрбие саласындағы ойып тұрып орын алуы елдің ертеңгі болашағы үшін де аса маңызды. Көкшетауда өткен «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференцияда аталған өзекті мәселе тағы бір мәрте талқыға түсті.

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мұрындық болып ұйымдастырған іргелі шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының, Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен сынып жетекшілері қатысты. Конференция барысында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бүгінгі таңдағы тәрбиенің бірқатар аса өзекті мәселелері аталды. Мамандардың пікірінше жоғарыда аталған бағдарламаның тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған. Конференцияның басты міндеті де жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесін дамыту және арттыруға, сондай-ақ білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ұлттық тәрбие мен оқытудың үздіксіздігі мен сабақтастығын күшейту және қамтамасыз етуге бағытталыпты. «Облыстың 537 мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарымен бірлесіп білім беру ұйымдарында жылына 2 рет «Отбасы сағаты» республикалық акциясы өткізіледі. Ал ата-аналар арасынан ең белсенді қатысушылар мектептердің Қамқоршылық кеңестеріне кірді. Отбасылық клубтардың жұмысына қосымша 54 Әкелер кеңесі қосылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарына қосымша «Даналық мектебі» отбасылық клубтары енгізілді. Клуб қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік әлеуетін «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секцияларын ұйымдастыру арқылы өзектендіруге бағытталған» – дейді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова. Шара барысында конференция ұйымдастырылған «Болашақ сарайының» фойесінде республикалық конференция аясында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты көрме жұмысы да ұйымдастырылыпты. Ғылыми практикалық конференция барысында елдің білім саласындағы реформалардың оңтайлы жүзеге асырылу жолдары мен бағыт-бағдары да әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесіне қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.