Ұлттық қордан алынатын қаражат түсімдерден артық – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қорға түсімдер мен алынатын қаражаттың теңгерімін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүлейменовтің мәліметінше, Ұлттық қордан алынатын қаражат түсімдерден артық болғандықтан, теңгерім әлі де теріс күйде қалып отыр.

«Ұлттық қорға түсімдер мен алынатын қаражаттың теңгерімі теріс күйде қалып, алынатын қаражат түсімдерден асып түсіп отыр. Мұндай жағдайда Ұлттық қордағы қаражаттың өсуіне ықпал ететін жалғыз фактор — инвестициялық кіріс», — деді Сүлейменов Мәжілістің пленарлық отырысында.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, биылғы жылдың 9 айында инвестициялық кіріс 10,27 пайызды немесе 6,16 миллиард теңгені құрады.

«Осы инвестициялық кірістің арқасында жыл басынан бері Ұлттық қор активтері 4,5 пайызға өсіп, 62,7 миллиард долларға жетті. Биыл Ұлттық қордан тікелей трансферттер көлемі 5,6 триллион теңгені құрады. Ұқсас деңгей келесі жылдың бюджетінде де қарастырылған,» — деп қосты Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, 4-қыркүйек Парламент Мәжілісінде «2025–2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт туралы» және «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобалары таныстырылды. Бұған дейін республикалық бюджет кірістерінің азаюына не себеп деген сұраққа Қаржы министрлігі жауап берген болатын.  Сондай-ақ бюджет саясатына қатысты жыл соңына дейін жаңа Кодекс қабылданады.  

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.