“Ұлттық қор – балаларға“ бағдарламасы бойынша 2025 жылы әр бала қанша ақша алады?

Қаржы министрі Мәди Такиев келесі жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандық балалардың есепшоттарына қандай сома аударылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың пленарлық отырысында депутат Нұртөре Жүсіп Үкімет пен Ұлттық банк өкілдерінен балалардың БЖЗҚ-дағы шоттарындағы қаражатты инфляция мен құнсызданудан қалай қорғауға болатынын сұрады.

«1 ақпаннан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында Қазақстан азаматтары саналатын барлық баланың БЖЗҚ-дағы есепшоттарына Ұлттық қордан алғашқы қаражат аударылды. Бағдарламаға 6,9 миллион бала қатысты. Осыған байланысты менің сұрағым: Ұлттық қордан мақсатты трансферттерді тарту оның активтеріне және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының іске асуына қаншалықты әсер етеді? Біз болашақ ұрпақтың қалтасына қол салмаймыз ба? 2024 жылдың қорытындысы бойынша және алдағы жылдары әр балаға қандай сома аударылуы жоспарланып отыр?» – деп сұрады сенатор.

Қаржы министрі Мәди Такиев балалардың есепшоттарына қаражат доллармен аударылып, сақталатынын, сондықтан ол инфляциялық әсерден қорғалғанын айтты. Бұдан бөлек, бұл сома ұлғайып жатыр.

«Инвестициялық табысқа келсек, биыл оны 2,6 пайыз деп есептедік. Келесі жылы бәрі жақсы болса, 3 пайызға дейін инвестициялық табыс болады. Сондықтан 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 118-120 доллар деп аламыз. Бірақ 1 ақпанға дейін барлық есептеулерді аяқтап, нақты соманы айтамыз», – деді Такиев.

Осылайша, келесі жылы балалардың шоттарына бұрынғы 100 доллардың орнына шамамен 120 доллар аударылады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.