Ұлттық киім — халқымыздың мақтанышы

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департамент қызметкерлері Ұлттық киім күнін үлкен құрметпен атап өтті, яғни қызметкерлер бүгін қызметте қазақи нақыштағы киімдерін кииіп жүрді.
Бұл шара дәстүрлі мәдениетті сақтап, халқымыздың бай мұрасына деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.


Ұлттық киімдер – қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Әрбір ұлттық киім өзіне тән ерекше сәндік элементтерге, түс пен өрнекке ие. Бұл киімдер адамды елдің дәстүрлеріне, тарихына жақындататын және ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған маңызды белгілердің бірі.
ҚАЖ департаменті қызметкерлері ұлттық киімдерді кие отырып, еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншілігін білдірді. Қызметкерлердің әрқайсысы ұлттық дәстүрлерді құрметтеп, өз киімдерінде тек сәндік ғана емес, мән-мағына да бар екенін көрсетті. Ұлттық киімдер тек тарихи ескерткіштер ретінде ғана емес, олар қоғамда ұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...