Ұлттық домбыра күніне орай «Елдік рухым – домбыра» гала-концерті өтеді

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Алтын домбыра» өнер мектебімен бірлесіп Ұлттық домбыра күніне орай «Елдік рухым – домбыра» гала-концертін өткізуді жоспарлауда.

Концертте Ибрагим Ескендір және «Алтын домбыра» өнер мектебі шәкірттері мен ұстаздары өнер көрсетеді.

Гала-концертте 500-ге жуық жас домбырашы күмбірлетіп күй шертіп, әуезді ән салады. Сондай-ақ әнші Ибрагим Ескендірдің жаңа әнінің тұсаукерсері болмақ.

Кеш барысында Құрманғазының күйі «Балбырауын», «Адай» және елімізге танымал «Еркесылқым» «Әке» толғауы мен басқа да қазақ күйлерін жанды дауыста орындайды.

Кешке «AMANAT» партиясының басшылығы,  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігі, сонымен қатар қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін өсіре отырып, Отансүйгіштікке баулу, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттыру.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...