spot_img
spot_img

Ұлт саулығы – елдің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі

     Ұлт саулығы – мемлекеттің өркендеуінің негізгі негізі. Қоғамның денсаулығы, әлеуметтік және экономикалық дамуы тығыз байланысты. Әрбір елдің болашағы мен тұрақты дамуы оның азаматтарының денсаулығына тәуелді. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі, халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат елдің табысты болашағын қамтамасыз етеді. Еліміз БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде белсенді жұмыс атқаруда. ТДМ 3 – «Жақсы денсаулық және салауатты өмір салты»Сондықтан ұлт саулығы – елдің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі болып табылады.Денсаулық адамның әлеуметтік, психологиялық және физикалық әл-ауқатын қалыптастыруға негіз болады. Денсаулығы мықты халық еліміздің экономикасының дамуына, қоғамдық тәртіптің тұрақтылығына, сондай-ақ әлеуметтік дамудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ұлттың денсаулығы тек медициналық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен бірге адамның рухани және әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Әрбір азаматтың денсаулығы мен әл-ауқаты қоғамның барлық салаларында тұрақты прогрессті қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау саласының сапасы мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда елімізде денсаулық сақтау саласына қаржы бөлініп, көптеген реформалар мен жаңалықтар енгізілуде. Денсаулық сақтау жүйесі тиімді болуы үшін жоғары білікті медицина қызметкерлері, заманауи медициналық технологиялар, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету қажет.Тұрақты даму концепциясы әлемдік деңгейде кеңінен қабылданған және ол үш негізгі аспектіні қамтиды: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Осы үш аспектінің барлығы халықтың денсаулығына байланысты. Адамдардың денсаулығының жақсаруы мен өмір сүру деңгейінің артуы экономикалық дамуды алға жылжытады. Сонымен қатар, әлеуметтік теңдік пен экологиялық факторлар да халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді.Егер халықтың денсаулығы нашар болса, онда оның еңбекке қабілеттілігі төмендейді, бұл экономиканың дамуына кері әсер етеді. Әлеуметтік жағдайлар, экологиялық зиянды әсерлер мен өмір сүру деңгейі адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Осы себепті тұрақты даму үшін халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау маңызды рөл атқарады.

   Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында көптеген оң өзгерістер мен реформалар жүргізілуде. Мемлекет денсаулық сақтау саласына инвестициялар сала отырып, халықтың денсаулығын жақсарту мен аурулардың алдын алуға бағытталған шараларды қолға алуда. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін жаңа медициналық технологиялар мен жабдықтар енгізілуде, ал медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалар іске асырылуда. Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы да жоғарыда аталған мәселе аясында көптеген жұмыстар атқаруда.Мысалы, білім алушыларға  дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, экологиялық таза өнімдерді пайдалану денсаулықты жақсартуға бағытталған дөңгелек үстелдер,марафон,ұлттық ойындар мен спорт шараларын қолға алуда.Қоғамның денсаулығын жақсарту үшін әлеуметтік жауапкершілік үлкен маңызға ие. Әлеуметтік жауапкершілікті арттыру арқылы адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге болады. Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ қоғамдағы денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру маңызды. Денсаулық сақтау саласы тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде дамиды. Бұл үшін мемлекеттік және жеке сектор арасында тығыз ынтымақтастық қажет.

    Елімізде денсаулық сақтау жүйесі үнемі жаңартылып, халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар қабылдануда. Ұлт саулығы – елдің табысты болашағын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі, сондықтан әрбір азаматтың денсаулығына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Тек сау ұлт қана елдің экономикасын, әлеуметтік өмірін және қоғамды дамытуда басты рөл атқара алады. 

Мелисова Б.М. 

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

Дан старт мероприятиям, посвященным 100-летию Нургисы Тлендиева

Сегодня, 1 апреля 2025 года, в Государственной академической концертной...

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдықмерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында...

Заң факультеті түлектерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті — еліміздің...

Бейбітшілік пен сот әділдігі-жарқын болашақ кепілі

     БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты-«Бейбітшілік, әділдік...

По городам и районам

В ходе рабочей поездки глава области Абай Берик Уали...