Утилизациялық алым шешілмейтін мәселеге айналып тұр

Парламент пен Үкімет жиындарында жиі көтерілгенімен, әлі күнге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – утилизациялық алымға қатысты. Ондағы ахуал шешілудің орнына уақыт өткен са­йын қордаланып бара жатыр. Мәселен, Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Ер­таев пен А.Рау өткен аптада Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға шаруалардың қолындағы утилизациялық алымнан алынған жарамсыз сертификаттарға байланысты сауал жолдады.

– Түркістан облысында көптеген шаруалар барлық техникаларын өткізіп, сертификат алып, жаңа техникамен жыл басын бастаймыз деп отырғанда, «Оператор (ӨКМ) РОП» мен «Жасыл даму» жаңа операторының арасында­ғы шешілмеген мәселелер салдарынан техника да жоқ, жер де жыртылмай, егін де егілмей отыр. «Көктемнің бір күні – жылғы азық» деген дана халқымыз. Шаруалар ғана емес, жай жүргіншілер де зардап шегуде. 4 мыңнан астам жеңіл көлік утилизацияға өтіп кеткен. Енді халықтың көлігі де жоқ, ақшасы да жоқ. Алған сертификаттары автосалондарда жеңілдіктері есептелмей, көрсетілген сомалары ескерілмей отыр. Тіпті, сертификаттың жарамсыздығын айтып отыр. Ескі техникасын өткізіп жаңа техника, жаңа көлік аламын деген халық сеніп отыр­ған мекеменің арқасында жаяу қалды. Осындай операторлардың дәрменсіздігінен халық билікке сенбейді. Өйткені, халыққа қызмет көрсетудің орнына зиян келтіріп, табысынан айырып, халықты зарлатуда, – деді депутаттар. «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Президенттің «Бизнес өкілдерінің және азаматтардың нақты сұранысы негізінде шешімдер әрі кеткенде үш күн ішінде, тіпті, қажет болса бір тәулікте қабылдануға тиіс. Үкімет жанынан құрылған Жедел штаб ақпаратқа сол сәтте талдау жасайтын, сондай-ақ, нақты шұғыл шаралар әзірлейтін Ахуалдық орталық сияқты жұмыс істеуі керек», – деген сөзін еске түсіріп, үш айдан асса да шешілмей келе жатқан бұл мәселелерді тез арада шешуді сұрайтындарын жеткізді.
Жыл басында олардың әріптестері
Е.Жаңбыршин, Е. Смышляева, Қ. Абасов, М. Ахметов, Е. Бейсенбаев, Г. Бижанова, С. Мусабаев, Д. Мыңбай, С. Нақ­паев, Н. Ожаевтар Премьер-Министр
Ә. Смайыловтың атына депутаттық са­уал жолдаған еді. Олар онда 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Үкіметке утиль жинақтауға қатысты есептеу тәртібін қайта қарау және жеке мекеме орнына мемлекеттік операторды қарастыруды тапсырған. Утиль жинақтаудың шамадан тыс бағалануы және жеке оператордың ашық емес қызметі, депутаттар тарапынан бірнеше рет көтерілген және тұрғындар үшін өте сезімтал сұрақтардың бірі екенін атап өтіп, Маңғыстауда өткен бейбіт митингіде де халық осы утиль жинауды реттеу жөнінде талап қойғанын еске салған еді.
«Неге халықтан алынған утиль жинақ есебінен көлік өндірісін дамытамыз? Бизнестің өзі инвестиция салмай ма? Утиль жинау тек ескі техникаларды залалсыздандыру үшін пайдалану керек емес пе? Қазір утиль жинауға байланыс­ты жұмыс тобы құрылып, талқылау жүріп жатыр. Бірақ, әр түрлі тараптардың паритеті сақталмаған. Министрліктер осы процеске көлік өндірушілердің лоббистерін көбірек тартуда» − деп дабыл қаққан болатын. Оған алдында сенаторлар да көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде кәдеге жарату төлемінің коэфициенттерін қайта қарау мәселесін қозғап, Үкімет басшысына сауал жолдаған еді.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаң­тардағы қаулысымен «ӨКМ операторы» ЖШС-ның кәдеге жарату алымын жинау жөніндегі қызметі «Жасыл даму» АҚ-на тиісті функциялар беріле отырып тоқтатылған. Мемлекеттің активтерді қабылдауы бойынша жұмыс жүзеге асырылып, кейін аудит рәсімі жүргізіліп, «Жасыл даму» құрылымы штат санымен бекітілетінін айтты. 21 қаңтардан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, автокөлік құралдарына, ауыл шаруашылығы техникасына және т.б. кәдеге жарату алымын азайту мәселелері бойынша бірқатар отырыстар өткенін еске түсірген Әлихан Асханұлы: «талқылау қорытындылары бойынша жеңіл автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымының қолданыстағы мөлшерлемелерін 50%-ға төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл ретте қазіргі уақытта кәдеге жарату алымы Қазақстанда өндірісі жолға қойылған импорттық тракторларға, астық жинау және сүрлем жинау комбайндарына қолданылады. Сондай-ақ, пайдаланудан шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруа­шылығы техникасын кәдеге жарату бағдарламасы шеңберінде номиналы қайта қаралуы мүмкін жеңілдік сертификатының тетігі іске асырылуда. Алайда, сертификат құнының өсуі олардың санының қысқаруына әкеп соғады. Өз кезегінде ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес қазақстандық аналогтары жоқ жүк көлігі мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін кедендік баждарға мораторий енгізу мәселелері ұлттық заңнамадан жоғары деңгейде реттеледі» деген жауап қайтарған. Қолданыстағы заң тәртібі бойынша бұл жолы Премьер-Министр өз жауабын мамырдың алғашқы жартысына дейін беруі керек. Ал оған дейін егіс жұмыстары бел ортасынан асып, кейбір өңірлерде аяқталып та қалары анық. Осы арада Рамазан Амантайдың сөзіне жазылған Қуандық Рақымның орындауындағы «Проблема жоқ» деген әніндегі «Проб­лемалар бар деп уайымдама сонша. Шешіледі бәрі шешілетін болса. Шешілмейді бәрі, шешілмейтін болса» деген сөздер еріксіз еске түседі.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.